Тексеру

"Кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" қызметін көрсетуге жүгінген кезде тіркеуші психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күнін белгілейді және деректерді балалардың консультацияға алдын ала жазылу журналына енгізеді.

Телефон арқылы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген. Бұл ретте психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру белгіленген күні жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 6-қосымшаға сәйкес қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Назар аударыңыз!

Тексеру күні өзіңізбен бірге ауыстырылатын аяқ киімді немесе бахиланы алып келуіңізді сұраймыз. Сондай-ақ, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 2-Қ қаулысына сәйкес Қарағанды облысында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы (21.01.2022 ж.өзгерістер мен толықтырулармен) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде киіп келуді сұраймыз.

Тексеру Тексеру

Қызмет көрсету мерзімі

30
жұмыс күндері

Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруге кезекте тұру уақыты

2
жұмыс күндері

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асыру мерзімі

2
жұмыс күндері

Зерттеп-қарау сәтінен бастап көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ПМПК қорытындысына қол қояды

Құжаттар тізімі

  1. 1

    Туу туралы куәлік

    Туу туралы куәлік (тұпнұсқа салыстыру үшін)
  2. 2

    Мүгедектік туралы қорытынды

    Мүгедектік туралы қорытынды (бар болса)
  3. 3

    Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы

    Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (бар болса).

    Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші тереңдетілген тексеру үшін қосымша мынадай құжаттарды сұратады :
    • Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандары;
    • білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
    • оқыту тілі, математика бойынша жазбаша жұмыстар, суреттер және қызметтің басқа да нәтижелері;
Өтінім беру

Сондай-ақ, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру *** арқылы жүзеге асырылады:

Қызмет көрсетушінің кеңсесін
e.bilimal.kz ЖУЙЕСІ